Жезөкшелерді тонаған жігіттер ұсталды

Оскар БЕК

polisia.kz

Алматыда клиент ретінде жезөкшелерді үйіне шақырып, артынша тонаған 33 жастағы екі жігіт ұсталды,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Күдіктілер жеңіл жүрісті қыздарды ұрып-соғып, телефон, ақшасын тартып алатын болған. Арнайы құрылған тергеу тобы аз уақытта олардың ізін кесті. Қазіргі уақытта күдіктілердің 5 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Полиция мына нөмірлерге ақпарат болса хабарласуды сұрайды

257-47-01, 257-47-02, 257-47-03

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров