Футбол жанкүйерлері вакцина алуы қажет

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ақтөбелік жанкүйерлер өз алаңында футбол ойындарын көру үшін толықтай вакцина алуы қажет. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлайды «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі не сілтеме жасап

Қазіргі күні стадион алдында жылжымалы кешен тұр, яғни арнайы автобуста мамандар тұрғындарға екпе салады. Жанкүйерлер осы автобусқа келіп екпе алуына болады. Вакцинаның екі кезеңін алған жанкүйерлер қызыл аймақ кезінде де стадионға кіре алады.

Еске сала кетейік, вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін адам толық вакцина алған болып есептеледі. Бұдан кейін азаматқа eGov Mobile қосымшасында Covid-19-тан вакцинация алғаныңыз туралы электрондық паспорт беріледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров