Қостанай облысында кене шаққандар саны артты

Express Qazaqstan

pixabay.com

Сәуір айының соңында 37 азамат мамандар көмегіне жүгінсе, мамыр айының басында зардап шеккендер саны 50-ден асты, деп жазады «Экспресс К». Өткен жылы осы уақытта 27 адамды кене шаққан, оның 15-і 14 жасқа дейінгі балалар болыпты.

Эпидемиологтар аймақта кене шағу қаупі әдетте сәуір айының ортасынан басталып, маусымның ортасына дейін жалғасатынын айтады. Осы кезеңде табиғат аясында шықпаған абзал.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары кенені улау тек эндемиялық аудандар мен облыстарда (Ақмола және Алматы облыстары, сондай-ақ ШҚО және СҚО) жүзеге асырылатынын атап өтті.

Әлеуметтік желілерде Ресейден Тобыл өңіріне ауған бұландармен қансорғыш жәндіктер келіп жатқаны жазылып жатыр.

— Бұландарда кене көп болуы мүмкін, бірақ паразиттердің малға немесе адамға түсу ықтималдығы жоғары емес. Өйткені, ол жануарлар адамдардан алыс жүреді. Әдетте олар орман ортасына, көбіне батпақты жерлерге барады. Менің тәжірибемде бұл жануарлардың біздің өңірге энцефалит кенелерін тасымалдауы кездеспеген, — дейді Қостанай облысы ветеринария басқармасының бас маманы Ахмет Такенов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров