Алаяқтар әбден әккіленіп алған, сақ болу керек

Express Qazaqstan

nypost.com

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов соңғы кезде алаяқтықпен ақша ұрлайтындардың көбейгенін айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп жазады «Экспресс К». Алаяқтар банк карталары мен депозиттердегі ақшаны алу үшін адамдардың жеке деректерін қолданады

Жеке адамдардың деректерін, олардың шотындағы ақшаны алу үшін әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электронды шоттарды оңай игеруге бағытталған инженерия әдістерін пайдаланады. Қылмыскерлердің артында әртүрлі банк шоттары, карталар, абоненттік номерлерді қолданатын қылмыстық топтар бар.

Азаматтардың ұялы телефонына банк өкілі болып қоңырау шалып, клиенттің карточкасына қатысты күдікті операция туралы айтып, деректемені бұғаттау үшін CVV-код сұрайды. Олар осы код арқылы азаматтың шотындағы ақшаны ұрлайды. Сондай-ақ алаяқтар үздіксіз қоңырау шалады. Абонент номері ірі компания өткізген науқанда ұтысқа ие болғаны жазылған хабарлама жібереді. Жүлдені өзге қаладан алатынын немесе банк карточкасы арқылы алуға болатынын айтады.

Осылайша азаматтардың шотынан ақша ұрлайды. Алаяқтықтың "Тиімді салым" деген де түрі бар. Әлеуметтік желіде букмекерлерге, биржаларға ақша тігу туралы жарнамалар орналастырады. Сондықтан тұрғындар барынша сақ болғаны жөн. Қандай жағдайда болмасын өзге адамға жеке деректерді, карта номерлерін, түбіртектерді, картаның құпия сөздерін беруге болмайды. Тексерілмеген және күмән тудырған ақпарат көзіне сенбеңіз. Банкинг төлем жүйелерінде құпия сөзді жиі ауыстырып, қауіпсіздік шараларын пайдалану қажет, -деді Атығай Арыстанов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров