ҰОС ардагерлері Жеңіс күні қарсаңында 1 млн теңгеден алады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге және оларға теңестірілген азаматтарға төлем жасауға 6,4 млрд теңге (426,85/$1) қарастырылған, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

"Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек барлық өңірлерде 1 млн теңге көлемінде көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына — кемінде 50 мың теңге.

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне — кемінде 30 мың теңге", — деді Әукенов бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 қатысушысы мен мүгедегі және Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 113 мың 555 азамат тұрады, оның ішінде қоршаудағы Ленинградтың 74 тұрғыны, 221 концлагерьдің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқыны, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 2 мың 296 әйелі мен күйеуі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров