Алматы
Алматының оңтүстік шығысында жер сілкінді


pixabay.com
Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Экспресс К.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша 6 мамыр күні түскі уақытта, дәлірек айтқанда 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 199 шақырым жерде еліміздің Қырғызстанмен шекарасында тіркелді. Магнитудасы MPV 5.2, жер сілкінісі 15 метр тереңдікте болған.
Бөлісу