Алаяқ «адвокат» 6 млн теңгені қалтаға басқан

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қарағандыда алаяқ адвокат аңқау жұрттың алты миллион теңгеге жуық ақшасын қалтасына басқан.

Өзін құқық қорғаушымын деп таныстырған 39 жастағы күдікті талай адамды сан соқтырып кеткен. Алайда 1 мамыр күні 34-жастағы қала тұрғынынан несие алуға көмектесемін деп 25 мың теңге алғаны үшін қолға түсіпті.

Тергеу кезінде оның осыған ұқсас алты қылмысқа қатысы бары анықталған. Яғни, ол несие алу қызыметімен қатар, мүгедектік алуға медициналық анықтамаларды да жасайтындығын айтып, жұртты сендірген. Ең сорақысы, бұл азаматша еш білімі болмаса да, өзін тұрғындарға адвокат ретінде таныстырып, сенімдеріне кірген. Тіпті кезекті бір жемтігіне заңгерлік көмек көрсете аламын деп, 4,5 миллион теңгесін қалтасына басыпты. Сондай-ақ, қарағандылық 32-жастағы әйелге ипотекалық несие алуға жәрдемдесемін деп 375 теңгесін заңсыз иемденген. Қазір алаяқтың арбауына түскен жәбірленушінің бәрі полицияға арыз түсірді. Ал қамауға алынған келіншекке қатысты "алаяқтық бабымен" іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров