Желдеткіші жоқ пәтерлер

Жарас КЕМЕЛЖАН

Әлеуметтік желі

Павлодар қаласында жақында ғана қолданысқа берілген «Достық» шағын ауданындағы пәтерлердің желдеткіштері муляж болып шықты, деп хабарлайды @inbusinesskz.

Жаңа аудандағы екі көпқабатты үйге қатысты "жырдың" бітер түрі жоқ. Баспаналардың құрылысы былтыр күзде аяқталғанмен, инженерлік-коммуникациялық желілер жарты жылдан соң ғана жүргізілді. Оған дейін бұл үйден пәтер алуға тиіс болған банк салымшылары мен тұрғын үй кезегінде тұрғандарға пәтер жалдауға тура келді.

Баспаналар қыс бойы жылытылмағандықтан, қабырғалар көгеріп, жарықтар пайда бола бастады. Әу баста тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстанудан бас тартқанмен, көпшіліктің одан басқа барар жері болмаған соң, амалсыздан сәуір айының соңында қоныстанды.

Үйлерге жайғасқаны сол еді, құрылысшылардың басқа да былықтарының беті ашылды. Тұрғындар ас үй мен жуынатын бөлмелерде желдететін тесіктердің жоқтығын айтып, әлеуметтік желілер арқылы билікке базынасын білдірді. Олардың айтуынша, желдеткіштер қабырғаға құр жабыстырыла салған. Ар жағында бөлмені желдетуге тиіс саңылаулар жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров