Жасыл желек оталып жатыр

Express Qazaqstan

facebook.com / bolat_nurhozhaev

Қызылорда қаласында жаппай кесілген ағаштардың суреті мен видеосы әлеуметтік желіде жарияланды,-деп жазады «Экспресс К». Жабайы адамдар да табиғатқа мұндай қастандық жасамайтын шығар,-деп жазды фото авторы Болат Нұрқожаев.

-Мына бассыздықты қашан тиясыздар? Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев, Қызылорда облысының білім басқармасы, Экология департаменті мен табиғат қорғау басқармасы. Бұл жердің талын кесуді осыдан 6 жыл бұрын тоқтатқан едік. Одан кейін су бермей өлтірді. Былтыр суын ашып, суарып, көктетіп көрсеттік. Бұл жерге диаметрі 600 мм трубамен су келіп тұр. Түсінесіздер ма? Биыл жаз басталғалы су ішпеген, былтыр да жөнді суарылмаған талдар қурамай қайтеді? Оны суарып көктеткеннен, басын кескен тыныш па? Әлде біреуге жылда отын дайындап жатырсыздар ма? Мектеп ауласы болғанмен, осындай іс жасағандар баланы қалай отансүйгіш етіп тәрбиелемекшісіңдер,-деп желі қолданушысы наразылық білдірген.

Көп ұзамай желідегі жазбаға қала әкімдігі жауап берді.

-Құрметті Болат Нұрхожаев! Сауалыңызда көрсетілген аумақ М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне қарасты. Сауал бойынша ақпарат алу үшін тікелей Қызылорда облысының білім басқармасына жүгінуіңіз қажет. Себебі, жүргізілген жұмыстар бойынша қандай да бір ақпарат ұсыну Қызылорда қаласы әкімдігінің құзыретіне жатпайтындығын жеткіземіз,-дейді әкімдіктегілер.

Ал, Білім басқармасы әзірге бұл мәселеге қатысты қандай да бір пікір білдірген жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров