Алматыда автобус қызды басып кетті

Жарас КЕМЕЛЖАН

Бейнеден кадр

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 5 мамырда сағат 11.40 шамасында Науаи көшесі бойында орын алған.

Алматы қаласы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов: "Zhontong автобусының жүргізуші Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды", — деп хабарлады.

Полициядағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров