Карантин талабын бұзғандар анықталды

Жарас КЕМЕЛЖАН

pixabay.com

Шымкентте карантин талабын бұзған азық-түлік дүкені мен компьютерлік ойынхана анықталды. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Сауда орны уақыттың шектелгеніне қарамастан түнгі сағат 11-ге дейін жұмыс істеген. Оның үстіне, сатушы санитарлық сақтық шараларын мүлдем ұмытып, бетперде тақпаған күйі қызмет көрсеткен. Сондай-ақ дүкенде келушілердің дене қызуын өлшейтін құрал, антисептик болмаған.

Ал мобильді топ барғанда компьютерлік ойынхананың терезелерін қараңғылап алған клуб ішінде 20-ға жуық жасөспірім ойын ойнап отырған. Енді кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров