Маусым басталмай суға шомылуға рұқсат жоқ

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қызылордада арнайы белгіленген орындарда суға шомылуға маусым айында ғана рұқсат беріледі, деп жазады «Экспресс К». Оған дейін қатаң тыйым салынады.

Қазір төтеншеліктер дария, көл жағалауларында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейд ұйымдастыруда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев айтты.

Жыл басынан бері облыста 7 адам суға батып көз жұмды. Оның төртеуі бала. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай жағдай 14,2 пайызға өскен. .

Департаменттің таратқан мәліметі сәйкес қазір жедел-құтқару жасағының күштерінде 54 сүңгуір маман мен 18 техника, 16 үрлемелі мотор, 29 жүзу құралдары бар. Үнемі оқу-жаттығу жиындары өтіп тұрады.

"Техниканың әлеуетін көреміз. Арал теңізінде және көлдерде 4 рет рейд өткіздік. "Судағы зардап шеккен адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету" тақырыптарын түсіндіріп, дәріс оқыдық, үн парақ тараттық. Қазір күн жылынды. Енді дарияға шомылушылар көбейеді. Маусым айына дейін рұқсат жоқ екендігін қаперге ұстасаңыздар. Әсіресе, балаларға абай болу керек",- деді Руслан Қайрақбаев.

ҚР ТЖД
ҚР ТЖД

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров