Инкассатор көлігі апатқа ұшырады

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Алматыда инкассатор көлігі апатқа ұшырады,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Түс әлетінде Меңдіқұлов көшесінде болған жол апаты әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Бақылау камерасының нысанына іліккен видеоға қарағанда, "жол бер" белгісін елемеген жүргізуші инкассатордың бүйіріне қатты жылдамдықпен соғылып, ары ұшып кетеді. Брондалған арнайы техника да сол соққы әсерімен қапталында тұрған темір тұлпарды соғады.

Әзірге Полиция департаменті осы оқиғаның мән-жайына қатысты ресми ақпарат бермеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров