4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Әуе шары электр бағанасына құлап, 4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Оқиға Шымкент қаласында болған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Бүгін кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағын ауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апат болды. Желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ желі үстіне құлап, электр сымдары үзілді. Сондықтан Тұран шағын ауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр",-деп жазды Бекен Қоныс.

Оның айтуынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ал, үзілген электр бағаналарын қалыпқа келтіру жұмыстары істелуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров