Мәмбетов көшесіндегі учаскеде қозғалыс шектеледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Нұр-Сұлтан қаласының «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Мәмбетов көшесін реконструкциялау жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 6 мамырдан бастап 1 маусымға дейін Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген ведомство хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров