Нұр-Сұлтан әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жолаушыларды кіргізу Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik

"Термометрия (температураны қашықтан өлшеу) COVID-19 белгілерін анықтауға көмектесетіндіктен, Ashyq қосымшасын пайдалану жолаушылар мен қызметкерлер үшін қауіпсіздіктің қосымша кепілі болып табылады", — делінген ақпаратта. Жоба 10 мамырдан бастап қолға алынады да, 12 мамырда толыққанды іске қосылады деп жоспарланған.

Жолаушыларға әуежайға келер алдында қосымшаны жүктеп, олардың мәртебесін алдын-ала тексеріп алу қажет екендігі ескертіледі. "Сары және қызыл мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ал рейске жіберілмеген жағдайда ақшаны қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жолдаған жөн", — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер базасымен интеграциялану арқылы іске асырылатын Ashyq қосымшасындағы ақпарат нәтижесінде жолаушының вирус тасымалдаушысы ма, жоқ па деген мәселе анықталады.

Ал әуежай басшылығының айтуынша, мұндай шаралар жолаушылар мен әуе компанияларының қызметкерлерін және әуежайдағы қабылданған санитарлық шаралардан (бетперде, термометрия, желдету және т.б.) қорғайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров