Атыстан 23 адам қаза тапты

Оскар БЕК

© Sputnik

Рио-де-Жанейрода болған атыс кезінде 23 адам көз жұмды,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Бразилияның солтүстігіндегі Жакарезинью қаласында жергілікті полиция есірткі саудалайтындарды құрықтау операциясын жүргізген. Атағынан ат үркетін банда есірткі сатқаннан бөлек, түрлі қылмысты балалардың қолымен жасаған көрінеді.

Атағынан ат үркетін қылмыскерлерді құрықтау ұзаққа созылды. Тіптен, тікұшақпен тас төбелерінен аңдуға тура келді. Олар да қарап қалмай тойтарыс берді. Салдарынан бір полицей басына тиген оқтан жан тапсырды. Атыс кезінде бейбіт тұрғындар да осы қақтығыстың құрбанына айналып, мерт болды. Бас-аяғы 23 адам көз жұмды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров