Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатыспайды

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс кестесінде Мәскеуге бару жоспарланбаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған шеруге бармайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-те жазды, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған"-деп жазды Берік Уәли.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров