Жаркент қаласының әкіміне қатаң сөгіс берілді

Қуаныш РАХМЕТ

24.kz

24 kz телеарнасының «Әкім» бағдарламасының журналистіне берген сұхбатында өзін дөрекі ұстағаны үшін, автобанда жүк көліктерінің жүрісін шектеп, ұзақ уақыт жолда түнеп шаршағандықтан бас көтерген көлік жүргізушілерімен кездесуде де қызмет этикасын сақтамаған Жаркент қаласының әкімі Б.Омаров қатаң сөгіс алды. Бұл турасында Экспресс К Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шараларды қабылдауға облыс әкімінің аппаратына хат жолдаған. "Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2012 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №70-ө өкімімен Б.Г.Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны" жазылған облыс әкімі аппаратына жолданған хатта.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров