Әйгілі хайуанаттар бағы жабылды

Оскар БЕК

tourweek.ru

Таиландтағы Sriracha Tiger Zoo хайуанаттар бағы пандемияға байланысты жұмысын тоқтатты,-деп хабарлайды Экспресс-К.

Жолбарыс хайуанаттар бағы Чонбури аймағында (Паттайядан солтүстікке қарай 30 шақырым) орналасқан және 24 жыл бері жұмыс істеп келе жатқан.

Хайуанаттар бағының басшылығы мекемені жабуды талқылау және қызметкерлермен түпкілікті есеп айырысу мәселелерін шешу мақсатында кездесуді жоспарлап отыр. Жолбарыс хайуанаттар бағын басқаратын Васан Темирипонгтың айтуынша, коронавирустың кесірінен елде қолданылатын шектеу шаралары жабылуға әсер еткен. Хайуанаттар бағына соңғы жылы айтарлықтай қаражат жетпеген және жергілікті саяхатшылардың арқасында жұмысын жалғастыруға тырысқан.

Хайуанаттар бағының басшылығы үй жануарларымен не болатынын әлі хабарлаған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров