Іздеу жасағының мүшелері ҰОС кезінен қалған минаға тап болды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ресейдің Волгоград облысында Орынбордың «Память» отрядының мүшелері Ұлы Отан соғысы кезінен қалған минаға тап болды.

Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, олардың бірі — жасөспірім, деп хабарлайды "Экспресс К" осы облыс губернаторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Память" іздеу жасағындағы 15 адамның 11 жасөспірім-мүшесі Орынбор облысындағы Новосергиев ауылына келген. Жарылыс 6 мамыр күні 18:00-де болды. Оқыс оқиғадан 60 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім қаза болды.

Волгоград облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша қайғылы оқиға болған Городищенский ауданында іздеу топтарының қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

Губернатор Андрей Бочаров Волгоград облысының аумағында жұмыс істейтін іздеу топтары нұсқаған қазба орындарында тексеріс жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Жарылыс болған жерге Городищенский мен Волгоград облысынан екі жедел жәрдем көлігі жіберілді. Алайда зардап шеккендерді аман алып қала алмады. Қазір оқиға орнында бейінді мамандар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Ресей аумағында көптеген іздеу жасақтары жұмыс істейді. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған сарбаздардың жерленген орындарын анықтайды. Сарбаздардың жерленген орындары табылған жағдайда туыстарына іздеу жариялайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров