Өзбекстаннан 15 алтын алып келді

Express Qazaqstan

©ЭК

Ташкентте өткен кір тасын көтеруден Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Біздің ел атынан 25 спортшы қатысты.

Соның ішінде қостанайлық толағайлар Өзбекстаннан бірден 15 алтын медаль алып келді, деп хабарлайды "Экспресс К"

Яна Литвинова осы чемпионатта өзінің салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының рекордын орнатты.

"Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсеттім. Мен 24 кг салмақты 180 рет жұлқа көтердім. Сөйтіп, Азия чемпионы атандым", — дейді жеңімпаз қыз.

Ол 5 жылдан астам уақыт бойы кір тасын көтерумен айналысып келеді. Осы уақыт ішінде ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

25 спортшының бәрі дерлік әртүрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алды. К. Оспанов атындағы БЖСМ жаттықтырушысы Олег Комаров атап өткендей, спортшылар қазақстандық рекордтарды да, жеке рекордтарын да жақсартып, лайықты өнер көрсеткен.

Енді спортшылар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық Универсиадада өнер көрсетуге дайындалып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров