Ақтөбе облысы

Тиым салынған ақпаратты сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Экспресс К

guardinfo.online

Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін Ақтөбенің екі тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты,-деп хабарлайды «Экпресс К»

Полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген кезде Ақтөбенің 28 және 33 жастағы тұрғындарының жеке парақшаларынан аудиожазбаларды тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, бұл материалдар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым салынған экстремистік материалдар деп танылды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласының әкімшілік соты екі тұрғынды ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігі, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұндай жағдайда 58.340 теңге сомасында әкімшілік айыппұл төлеу керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров