Ленинград облысында қазақ жауынгерлеріне ескерткіш орнатылды

Express Qazaqstan


ҚР СІМ

Мемориал 1941 жылы Петропавлда құрылған 314-ші атқыштар дивизиясының 80 жылдығына орай орнатылды. Мемориалдың ашылу салтанатына Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулы Бауыржан Досманбетов қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.

Ескерткіш Ленинград облысының Лодейное Поле мемориалдық кешенінің Даңқ аллеясында орнатылды. Ескерткіштің етегінде "Майдан жолы" іздеу қозғалысының мүшелері бір уыс Қазақстан жері бар капсула салды.

314-ші атқыштар дивизиясы 1941 жылы Петропавлда құрылды. Оның бастапқы құрамының 70 пайыздан астамы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болды. Дивизия Қызыл армияның негізгі қорғаныс және шабуылдау операцияларына қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында 3 832 сарбаз орден алды, 4 694 жауынгер медальға ие болды.

Сондай-ақ, ескерткіштің ашылуы кезінде Қазақстан тарапына Қызылорда облысынан шақырылған Қызыл әскер Емберген Асаиновтың мүрдесі тапсырылды. Солдаттың сүйегін Ленинград облысының Киров ауданында "Опора" іздестіру жасағы тапты. Оларды майдангердің немересіне әскери құрметпен жерлеу үшін тапсырады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров