Ақмола облысы
Ақмола облысындағы көпірдің бірінде шұңқыр пайда болды


Бейнеден кадр
Жергілікті билік жол қозғалысына шектеу қойды. Целиноград ауданында Нұр-Сұлтан-Қорғалжын бағытындағы жолда шұңқыр пайда болды.
Целиноград аудандық әкімдігі хабарлағандай, оқиға Республикалық маңызы бар тас жолдың 62-ші шақырымында Қорғалжын қорығына кіреберісте болған. Өзен үстіндегі көпірде еріген судың салдарынан тіреуіш пен өтпелі плиталар арасында ені 1,5 метр, ұзындығы 2,5 метр болатын шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың тереңдігі — 2,5 метр.
— Қазіргі уақытта жол жүруге тыйым салатын белгілер қойылды, қозғалыс айналма жолмен жүзеге асырылуда, — деп хабарлады жергілікті билік. — "Қазавтожол" ЖШС АОФ жолды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Үш техника және жұмысшылар тартылып, инертті материал жеткізілді.
Целиноград жол бөлімі жолдағы ақауларға жөнінде "ҚазАвтоЖол" Ақмола филиалына хабарлау қажет екенін мәлімдеді.
Бөлісу