Қазақстан
Президент Үндістанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлайды «Экспресс К» «Ақордаға» сілтеме жасап.
Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды.
Бөлісу