Елімізде бір жарым млн-нан астам адам вакцина қабылдады


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында Президентке санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды «Экспресс К» «Ақордаға» сілтеме жасап.
Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын айтты. Ол COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Қазақстанның "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткенін атап өтті. Азаматтарды вакциналау қарқыны артып келеді. 1 миллион 565 мың адамға бірінші компонент салынса, 460 мың адамға екінші компонент егілген. 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында тәуліктік вакцина салу қарқыны 12,6 есе өскен. Кеше Қазақстанда 140 мыңға жуық адам вакцина салдырған.
Кездесу соңында Президент халыққа вакцина салу жұмысының қарқынын төмендетпеуді, азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекет басшысы өте қысқа уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жасап, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеген қазақстандық мамандардың еңбегін оң бағалады.
Бөлісу