Нұр-Сұлтанда смайлик бағдаршамдар іске қосылды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада ерекше бағдаршамдар іске қосылды. Ерекшелігі сол бағдаршамда «қызыл», «жасыл» белгілер енді смайликтермен көрсетіледі, деп хабарлайды «Экспресс К» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша мұндай бағдаршамдар тәжірибе ретінде қолдынылып жатыр.

"Бұл өзгеріс саябақтар мен желекжол нысандары жанындағы жаяу жүргіншілер өткеліне қолданылды. Алдағы уақытта бағдаршам кешенін дыбыстық құрылғылармен толықтыру жоспарланып отыр", — деп хабарлады басқармада.

Смайлик бағдаршамдардың тізбесі:

1. Республика даңғылы — "Есіл" СҮ

2. Республика даңғылы — "Талисман" СҮ

3. Момышұлы көшесі — "Виктория" ТК

4. Түркістан көшесі — "Нұржол" желекжолы

5. Ақмешіт көшесі — "Нұржол" желекжолы

6. Жұмабаев көшесі — "Жерұйық" саябағы

7. Қабанбай батыр даңғылы — "Салтанат Сарайы"

8. Нұр Жол көшесі — "Нұржол" желекжолы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров