С. Еслямова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Express Qazaqstan

 elorda.info

Марапаттарды Нұр-Сұлтан қаласының Музыкалық жас көрермен театрындағы «Абай-Тоғжан» қойылымына келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыс етті.

Аталған қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова жас Абайдың анасы Ұлжанның рөлін сомдады.

Спектакльден кейін Ақтоты Райымқұлова Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы Самал Еслямованың қоржыны кезекті марапатпен толыққанын атап өтіп, Ресей кинематография өнері академиясының "Ника" жүлдесін табыстады.

Айта кетейік, биыл марапаттар 2019 және 2020 жылдардағы фильмдер үшін берілді. Себебі коронавирус пандемиясына байланысты "Ника" кинофестивалі 2020 жылы тоқтатылған болатын.

"Мен Мәскеуге келе алмадым. Мен үшін жүлдені фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. "Айка" фильміндегі әріптестеріме тағы да алғыс айтқым келеді", — деген еді актриса Самал Еслямова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров