Өскеменде қоқыс полигоны жанып жатыр

Диас АЛТАЙ

ТЖД

Өскемен іргесіндегі қоқыс полигоны тағыда отқа оранды. Тілсіз жау қазірдің өзінде 1 гектар аумаққа таралған. Сондықтан оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтай алмауда. Соның салдарынан қаланы қою қара түтін басты.

Шаһар шетіндегі ең ірі полигондағы өрт кеше кешқұрым тұтанған. Осы сәтте күшті жел көтеріліп, жалын ат шаптырым алқапқа тез таралыпты. Оны сөндіруге 30 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Бірақ 1 гектар аумаққа жайылған жалын ырық берер емес. Оның үстіне, жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдықтар да тым тереңде жатыр. Айта кетейік, Өскемен қаласының іргесіндегі бұл полигон соңғы бір аптада осымен екінші рет отқа оранды. Бұған дейін тұтанған жалынды өрт сөндірушілер үш күн бойы алысып, әрең ауыздықтаған еді.

Өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұр. Оның екпіні қатты болғандықтан, от төңірегіне жылдам таралып жатыр. Болжам бойынша полигонға қаса-қана өрт қойылған.

дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысыМарина Лискова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров