Алматы өзендерінде су деңгейі көтеріледі

Оскар БЕК

vesti-k.ru

Алматы маңындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында "Қазгидромет" республикалық коммуналдық кәсіпорнының мәліметіне сүйене отырып, қалалық төтенше жағдайлар департаменті ескертті.

7 мамыр күні кәсіпорын осыған байланысты өңірде дауылды ескерту жариялаған.

"8 мамырдан бастап 10 мамырға дейін Алматыда және қала маңындағы таулы аудандарда қатты нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тау беткейлерінен су ағады және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал" делінген ТЖД хабарламасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров