Шығыс Қазақстанда бір ауданға блок бекет қойылды

Express Qazaqstan

© ЭК

Аймақтың бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиевтің соңғы қаулысына сәйкес өңірге қарасты Аягөз қаласына блокпост қойылды. Бұл туралы "Экспрес К" хабарлайды.

Кіруді және шығуды реттеу, короновирустың таралуын алдын алу мақсатында орнатылған блок бекеттер Алматы- Өскемен тас жолында тәулік бойы жұмыс істеп тұрады.

Аягөз ауданы әкімдігі хабарлағандай, көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындарды ұйымдастыруға тыйым салынған. Санитарлық қоғамдық тамақтану орындарына таңғы сағат 07:00-20:00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат етілген.

© ЭК
© ЭК

Жергілікті кәсіпкерлер "Ashyq" бағдарламасын толық меңгермеген. Сондықтан аудан басшылығы, қазіргі таңда "Ashyq" бағдарламасын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, облыстағы Өскемен және Семей қалалары да қызыл аймаққа өтуіне байланысты, екі қалаға да күшейтілген шектеу шаралары енгізілген болатын .

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров