«Мәңгілік полк» шеруінің басталуына санаулы сағаттар қалды

Express Qazaqstan

salemsocial.kz

Өткен аптада 3000-нан астам қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған интерактивті шараға қолдау білдірді.

Тікелей эфирдің басталуына 2 күннен аз уақыт қалды. Ұйымдастырушылар "Мәңгілік полк онлайн" парақшасында уақыттың кері санау сағатын бастады.

Salem social media ұжымы 9 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де тікелей эфирді бастайды. Хабар бір уақытта Aitube.kz, Tengrinews.kz, "Экспресс-К", Massaget.kz платформаларында, сондай-ақ "Жұлдыз ФМ" және "Восток FM" радиостансаларының қолдауымен өтеді. Сюжеттер мен фотосуреттерді жіберу 9 мамырға дейін salemsocial.kz/76 сайтында жалғасады, онда сіз эфирден кейін өз кейіпкеріңізді таба аласыз.Оған қатысу үшін сайтқа кіріп, тек өтініш қалдыру керек. Бұл сайт екінші жыл қатарынан Ұлы Отан соғысы қаһармандарымен толғып, бабалар ерлігін мәңгі есте сақтайтын журналға айналды.

Биыл ұйымдастырушылар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының үрмелі аспаптар оркестрімен ардагерлерімізді құттықтап, бүгінгі бейбіт күннің ұрпақтары атынан ризашылықтарын білдіреді. Шара Алматы қаласы Алмалы және Медеу аудандары әкімідігі аппаратының қолдауымен жүзегет асады.

Тікелей эфир аясында Ұлы Отан соғысы батырларын онлайн-ұлықтау шарасы өтеді. Соғыс жылдарындағы әндер, ардагерлердің құттықтаулары және жұлдыздардың алғыс сөздері жолданады.

Қанеки, бір болып Ұлы Жеңіс батырларын мерекемен құттықтайық!

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров