Грузияда қазақстандық бойжеткеннің қайтыс болғаны туралы іс СІМ бақылауында

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Грузиядағы туыстарына жұмыс істеуге кеткен қазақстандық ару күмәнді жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап, қаза болды. ҚР СІМ Грузияда Қазақстан азаматшасының қайтыс болуы туралы істі ерекше бақылауына алды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаева Грузияға жұмыс істеуге кеткен, ол елде оны туыстары қарсы алуы тиіс еді. Алайда көп ұзамай терезеден құлап, қаза болғаны туралы хабар жетті.

"Грузияның құқық қорғау органдары біздің Елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 5 мамырында Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүдделері үшін жария етілмейді.

Грузиядағы Қазақстан Елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс Елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақтанның Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматының денесін отанға жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуде", — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram желісінде.

Айта кетейік, осыған дейін марқұмның әпкесі Айна Айтпаева Грузияға жұмыс істеу туралы ұсынысты сіңлісі Әселге алыс туыстары ұсынғанын айтқан болатын.

Алайда 5 мамыр күні күтпеген қайғылы оқиға болады. Сол түні жақын құрбысына Telegram арқылы туысының танысы — Бесо есімді грузинмен арадағы әңгіменің аудиожазбасын жіберген. Ол жазбада адам сенгісіз оқиға егжей-тегжейлі жазылады.

"Бұл аудиожазбада алыс туысымыздың күйеуі оны зорлап, әлгі грузинге сатып жібергені айтылады — дейді Айна. — Аудиожазбаның ұзақтығы — бір сағат, осы аралықта оны қорлап, балағаттағаны естіледі, мүгедек етіп өлтіретінін айтып қорқытқан".

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров