«Құралайды қарсы алайық!»

Express Qazaqstan

Фейсбук парақшасында: «Құралайларды қарсы алайық!» деп жар салған Сәкен Ділдахмет өзекті мәселені ортаға салды, - деп хабарлайды Экспресс-к.

Натуралист Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында биылғы жылы алғашқы болып Батыс Қазақстан облысында киік лағын өргізгенін жазыпты. Ол сондай-ақ бөкендердің басым бөлігі осы өңірде мекендеп, жануар саны жыл сайын қарқынды өсіп келе жатқандығын атап өткен. Біраз күн табиғат аясында уақыт өткізген натуралист көбейген киіктерді өз көзімен көргеніне дән риза.

Сакен Дилдахмет / facebook.com
Сакен Дилдахмет / facebook.com

Ол өзінің Фейсбук парақшасында:

— Бөкеннің төлдеу маусымына біраз күн ғана қалды. Жаңа туған құралайлардың даланы меңдеген дерт пен екі аяқты қаскөйлерден аман болып, ұзақ өмір сүруге қабілетті болғандарын шын жүрекпен қалаймын. Ай соңында киіктерді санау жұмысы аяқталып, жаз уақытында олардың нақты қанша екендігі анықталады. Біз, миллионға жетеміз деп ойлаймын! "Охотзоопром" мен аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің елеулі еңбектерінің арқасында түз тағыларының саны айтарлықтай көбейіп келеді.

Сакен Дилдахмет / facebook.com
Сакен Дилдахмет / facebook.com

Жігіттердің жұмысы оңай емес. Құрбан болғандар да болды. Тіпті қандай. Бүкіл ел біледі. Бірақ ол жағдай олардың сағын сындырмады. Олар одан сайын мықты болып кетті. Бұл жігіттер мен бөкендерді ең қорқынышты вирус — сыбайлас жемқорлық өлтіреді. Ал, ол вирус мемлекеттік зертхананың қолынан шыққан іс, — дейді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров