Қауіпті кәріз құдықтары көбейді

Express Qazaqstan

©ЭК

Қызылорда қаласында беті ашық жатқан су және кәріз құдықтары көбейген,-деп жазды "Экспресс К". Бұл жағдайды әлеуметтік желілерде жарияланған қала тұрғындарының арыз-шағымдарынан байқауға болады. Тұрғындар жуырда Титов қыстағындағы 5 жасар баланың жеке тұрғын үйдің алдындағы кәріз құдығынан өлі күйінде табылған жағдайын да еске салған.

Мәселен, Instagram әлеуметтік желісіндегі Kritikakyzylordy парақшасында Қаратоғай және Ата заң көшесінің тұрғындары жол ортасында беті ашық жатқан құдықтың суретін жариялады.

— Кішкентай балалар өте көп бұл көшеде. Доп қуалап жүр. Болып жатқан жағдайларға байланысты бетін темірмен жабуды сұраймын,-деп жазған желі қолданушысы.

Аңтарылған, іші суға толған құдықтар мұнымен бітпейді. Жеке үйлердің иелері де көшеге кәріз құдықтарын орнатып, бетін жаппаған. Оны Kritikakyzylordy парақшасындағы тағы бір жазбадан көруге болады.

— Біз О. Камарадин көшесінің тұрғынымыз. Біздің көше мен М. Шоқай көшесінің қиылысында жеке тұрғын үйдің құдығы біраз жылдан бері ашық тұр. Жан-жағы арам шөп. Алдымыз жаз, күн ысыса ол су сасиды. Одан қалды, балалар түсіп кетеді ма,- деп қорқамыз. Шара қолдануларыңызды сұраймыз,- делінген.

Әлеуметтік желіде Сәулет ықшам ауданындағы Қаржаубек Жарқымбеков және Қойсары батыр көшелерінің қиылысындағы екі бірдей құдықтың беті ашық қалған суреті де арыз-шағымға арқау болды. Аталған мәселеге орай Қызылорда қаласындағы "Су жүйесі" мекемесінің өкілі жауап берді.

— Сіз көтерген мәселе басшылық назарына ұсынылғанын жеткіземін. Тиісті шара қолданып, атқарылған жұмыс нәтижесімен бөлісетін боламыз. Қолайсыз жағдай тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз,- деген "Су жүйесі" мекемесінің PR менеджері.

Ата кетейік, Қызылордада 27 сәуір күні аулаға ойнап шыққан 6 жасар бала жеке тұрғын үйдің алдындағы кәріз құдығынан екі күннен кейін өлі табылған болатын. Әлтаирды екі күн бойы полицейлер, Ұлттық гвардия сарбаздары, ТЖД өкілдері және еріктілер іздестірді. Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын, тергеу әрекеттері тікелей өз құзырында болатынын және баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров