Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шаралар келесі жылға ауыстырылды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Жеңіс күні мерекесіне арналған дәстүрлі іс-шаралар келесі жылға ауыстырылды. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді", — деді Берік Уәли.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров