Елордада Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш орнатылды

Express Qazaqstan

Экпспресс К

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды. Ескерткіш Сарыарқа даңғылына орнатылды, деп хабарлайды «Экспресс К» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Талғат Бигелдиновтың туыстары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің үлгісі екенін айрықша атап өтті.

"Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз — батырларды жадымыздан шығармай, еске алу", — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, "қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін" атап өтті.

Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті.

Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров