Тамағына пышақ сұғылған полицейдің ерлігі ескерілді

Express Qazaqstan

ШҚО ПД

Тамағына сұғылған пышаққа қарамастан, өскемендік полицей жігіт бұзақыны құрықтады,деп хабарлайды «Экспресс К»

Оқыс оқиға осыдан тура үш ай бұрын болған. Өскемендік полицей Нұржан Кәкеев ол күнді аса толқыныспен есіне алады. Шахардағы көпқабатты үйдің тыныштығы бұзылды деген шақыртуға әріптесімен бірге барған ол подъезд ішінде ішімдік ішкен екі адамға кезігеді. Әу басында, полиция қызметкері шу шығарғандармен өзара түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Алайда, тәртіп бұзғанның біреуімен тілдесіп тұрғанда, қарама-қарсы тұрған екіншісі, жалма-жан полицейдің тамағына пышақ сұғып жібереді. Абырой болғанда,әскери қысқы киімнің қалыңдығы мен Нұржанның пышақ соққысынан соңғы сәтте жалтарып үлгергендігі оның өмірін сақтап қалған екен. Пышақ жүзі мойындағы артерия қантамыры жанындағы жұмсақ етке қадалған. Алғашында, ол пышақ жарақатын аңғармапты.

— Ішімдік ішкен соққыны тікесінен жасаған соң, оның жұдырығы деп ойлап қалдым,- дейді. Тәртіп сақшылары, пышақ сұғып, қаша жөнелгеннің артына қуады. Жүгіріп алысқа бармайтындығын түсінген қаруланған ер адам, пышағын ауада сермеп, патрульдік полиция қызметкерлеріне тағы да шабуыл жасайды. Алайда, тәртіп бұзушының бұл ойы іске аспаған.

— Сол сәтте әріптесім екеуіміздің қоян-қолтық ұрыстағы шеберлігіміз басым түсті. Резеңке таяқпен оның пышағын қағып түсіріп, дереу қолына кісен салдық. Тек, бұдан кейін, мойнымнан жып-жылы қанның ағып жатқандығын сездім,- дейді, полиция аға лейтенанты.

Артынша, жарақат алған тәртіп сақшысына ота жасалып, қазіргі таңда ол өз қызметін жалғастыруда. Айта кетейік, Нұржанның ерлігі еленіп, "құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі табысталған. Сонымен қатар, 6 мамыр күні ол Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі "Айбын" орденіне ие болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров