Карантин талаптарын сақтамаған 14 мыңнан астам нысан анықталды


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Елде карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеген 14 мыңнан астам нысан анықталды, деп хабарлайды «Экспресс К» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сүйеніп.
Жыл басынан бері мониторинг топтары 76 995 рейд жүргізген, тексерген 481 280 нысанның 14 198 (2,9%) бұзушылық анықталды.
Карантин талаптарын сақтамағандардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 538), Түркістан(2 198), Алматы (1 996), Шымкент (1 596) және Алматы облысы (955).
Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік бақылау топтарымен келесі шаралар қабылданды: 2 502 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 2 292 нұсқама берілді, 268 материал сотқа жолданды, 70 объектінің қызметі тоқтатылды. Нәтижесінде 8 147 кәсіпкерлік нысан мен 6 371 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,114 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Айта кету керек, азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.
Бөлісу