Қазақстандық жауынгердің сүйегі Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Экспресс К

ҚР СІМ

Олардың артынан Петропавлдан майдангердің немересі келді. Сарбаздың сүйегі ақпан айында Войнеску /Молдавия/ ауылының маңында табылды. Ол жақта бір кездері үлкен шайқастар болған.

Иван Чередниктің сүйегі мен әскери марапаттарын ауыл жанында жұмыс істеген молдовалық іздеушілер тапты, деп хабарлайды ҚР СІМ сайтында. Бауырлас зиратқа жерленген жауынгерлердің арасында жерлесіміз, пулемет жасағының командирі, гвардия кіші сержанты Иван Чередниктің жеке басы анықталды.

Молдова Республикасының Қорғаныс министрлігі мен "Победа" ұлттық үйлестіру комитеті Кишинев қаласындағы "Мәңгілік" мемориалдық кешеніндегі "Белгісіз солдаттың" қабірінде құрмет қарауылы ротасының қатысуымен оған тиісті әскери құрмет көрсету бойынша ресми рәсім өткізді.

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесе отырып, жауынгердің сүйегін Қазақстан жеріне жеткізуді ұйымдастырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров