Бүгін - Қадір түні!

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түні, яғни 8 мамырдан 9-ына қараған түні өткізетін онлайн іс-шаралар кешенін жариялады, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Бүгін — мың айдан да қасиетті Қадір түні. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Halyq arna" телеарнасы "1000 айдан да қайырлы Қадір түні" атты арнайы онлайн бағдарлама ұсынады. Тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

Онлайн бағдарлама барысында "Қадір түніне тілек", "Құлшылық пен ықылас-ниет", "Кешірім тілеудің маңызы", "Мүміннің Рамазаннан кейінгі сипаты", "Истиғфар дұғасы", "Рамазан айындағы зекеттің пайдасы мен хикметі" т.б тақырыптар төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар айтылады", — деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қадір түніне арналған онлайн бағдарлама түнгі сағат 01:15-те басталып, 03:00-ге дейін жалғасады. Ал эфирді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары — МУФТИЯТ ҚМДБ youtube каналы мен muftyatkz instagram каналынан көруге болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров