Қадір түнін онлайн тамашалаңыз!

Оскар БЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматының Орталық мешіті қала тұрғындарын қадір түнін онлайн тамашалауға шақырды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Azan.kz сайтында Діни басқарма жұртшылықты сақтық мақсатында үйде отыруға үндейді.

"Құрметті қала тұрғындары, қадірлі мұсылман бауырлар!

Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір түні мамыр айының 8-нан 9-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қадір түнін өткізу туралы үндеуіне орай, баршаңызды Қадір түнін өз үйлеріңізде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз.

Дегенмен сіздердің мың айдан қайырлы болған түнді сауапты әрі пайдалы өткізулеріңіз үшін Алматы Орталық мешіті Қадір түнінде өтетін шаралардың онлайн бағдарламасын назарларыңызға ұсынады. Алла Тағала Қадір түні тілегін дұғаларымыз бен ниеттерімізді қабыл етсін", — делінген үндеуде.

Сондай-ақ, Алматы Орталық мешітінде Қадір түні өтетін шаралардың онлайн бағдарламасын 22:00-ден 00:00-ге дейінгі уақыт аралығында "Azan.kz" youtube желісіндегі каналы мен "Azan_1" instagram парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров