Майданның алғы шебінде болды

Express Qazaqstan

Түсірілім алаңындағы фотосурет

Белорусь елінде қазақстандық партизан туралы фильм түсіріледі. Еліміздің әр өңірінде Шәріп атындағы көше, мектеп бар. Алайда біздің замандастарымыз осы бір ерекше тұлға туралы не біледі? "Экспрес К" тілшілері осыған үңіліп көрді.

Әди Шәріпов
Әди Шәріпов

Әди Шәріповтың жауынгерлік жолы туралы фильм түсіруді отандық кинематографистер бұдан бірнеше жыл бұрын қолға алған еді. Идея авторының бірі, батырдың жесірі Клара Жағыпарқызы.

"41-нің жазында" фильмінің бас продюсері Тасболат Мерекенов / ©ЭК/Андрей ХАЛИН
"41-нің жазында" фильмінің бас продюсері Тасболат Мерекенов / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

"41 жылдың жазы" фильмінің бас продюсері Тасболат Мерекеновтың айтуынша, Әди Шәріпов жауынгер, қоғам және мемлекет қайраткері, танымал жазушы ретінде Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов пен Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев сынды аңыз адамдармен қатар тұрады.

— Міне бес алты жылдан бері біз жоба сценарийімен жұмыс істеп келеміз. Байқауды ұтып алып, енді түсірілім жұмыстарына дайындық жүріп жатыр — дейді сценарий авторы және қоюшы-режиссер Бекболат Шәкіров. Автордың айтуыша "Қазақфильм" соңғы 36 жылда соғыс тақырыбында бірде-бір фильм түсірмеген екен. Соңғы рет 1985 жылы Болат Шәмшиевтің "Снайпер Әлия" фильмі түсірілген. Бауыржан Момышұлы туралы сериал ғана көрерменге жол тартты. Бірақ партизандар туралы отандық кино өндірісінде филім түсірілмеген. Бұған дейін украиндықтар мен Қасым Қайсенов туралы бірлескен жоба іске асқан еді. Бірақ онда да жау тылына саналы түрде барған барлаушы-диверсант туралы көрсетілген.

Бекболат Шәкіров, сценарий авторы және қоюшы режиссер / ©ЭК/Андрей ХАЛИН
Бекболат Шәкіров, сценарий авторы және қоюшы режиссер / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Әди Шәріпов әскер қатарына 1940 жылдың ақпан айында шақырылып, Гродно түбіндегі шекарада қызмет еткен. 1941 жылдың 22 маусымында алғашқылардың бірі болып жауға қарсы тұрған. Оның взводы Короб деревнясының түбінде орналасқан полк штабын екі күн бойы қорғап, жаудың қоршауында қалған. Жоғарғы қолбасшылықпен байланыс үзілгендіктен жау тылында қалады, взвод құрамында 11 адам қалғанына қарамастан шайқасты жалғастыруға бел буады. Алайда Әди Шәріповтың пратизан отрядына сол маңдағы ауыл тұрғындары келіп қосылады.

— Ұзақ іріктеу мен пікірталастан кейін Әди Шәріповты сомдауға актер Азамат Нығмановты бекіттік. Ол ресей қазағы

дейді Бекболат Шәкіров.

Бас оператор Марс Омаров / ©ЭК/Андрей ХАЛИН
Бас оператор Марс Омаров / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сондай-ақ екінші басты рөлде жас актер Шәрифбек Закиров ойнайды. Ал фильмнің операторы БМКИ және Гальперин шеберханасының түлегі 18 жылдан бері кино саласында жұмыс істеп жүрген Марс Омаров. Айта кету керек Минск қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Смолевичи деревнясында түсірілім алаңын сақталып қалған. Ол жерде тұтас ауыл, ми батпақ, киноға қажетті қару -жарақ, танк, Кеңес және неміс әскерлерінің жауынгерлік киімі бәір бар. Отандық киномамандарына белорустықтар көмектесуге әзір.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров