Жүзден астам адам жабылып өрт сөндірді

Express Qazaqstan

ТЖД

Көкшетауда 16 саяжай отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де "101" пультіне "Целинник" және "Авиатор" саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, өрт аумағы 5 гектарды құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

"Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның 6-уы "Целинник", 10-ы "Авиатор" саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан", — деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров