«Мәңгілік полк». Тікелей қосылым

Express Qazaqstan

salemsocial.kz

Бүгін, 9 мамырда Salem social media арнасы Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағынан тікелей эфирді бастады.

"Мәңгілік полк онлайн" жобасы аясында қазақстандықтардың құттықтауы және олардың жеңімпаз ата-бабары туралы жолдаған тарихи фотосуреттер Мәңгілік алау маңында онлайн режимде көрсетіледі. Соғыс жылдарындағы әндер жанды дауыста айтылып, сол уақытта үрмелі аспаптар оркестрі Алматының айналасында жүріп өнер көрсетеді. Бұл әрине, біз мезгіл ардагерлеріміздің көңілін аулап, қуаныш сыйлайды.

"Мәңгілік полк онлайн" жобасы былтыр алғаш рет онлайн режимде өтті. Сол кезде Қазақстанның түкпір-түкпірінен Salem social media редакциясына соғыс уақытындағы 5000-нан астам естеліктер мен фотосуреттер келіп түскен еді.

Қоғамда әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау мәселесі әлі де өзекті болып тұрған тұста Salem social media бұл жобаны қайта қолға алып, Ұлы Отан соғысындағы отандастарымыздың ерліктері мен естеліктерін бір арнаға тоғыстырған журналға айналды.

Тікелей қосылым бір уақытта "Экспресс К", Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарында, сондай-ақ Жұлдыз FM және Tengri FM радиотолқындарының қолдауымен жүзеге асырылады.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мың тағзым!

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров