Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: күдікті туралы не айтылады?

Экспресс К

Бесо Тордуа / «ЭК» мәліметі бойынша

Бұған дейін хабарланғандай, Грузияның бас прокуратурасы өз елінің азаматына қазақстандық қызды зорлады және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып таққан болатын.

"ЭК" тілшісі күдіктінің аты Бесо Тордуа, ол 57 жаста екендігін анықтап білді. Күдікті өзін кінәлі деп санамайды, тіпті адвокаттың қызметінен бас тартқан көрінеді. Іс бойынша келесі сот отырысы 23 маусымға жоспарланған. Ал, күдікті оған дейін қамауда болады. Бұл туралы "ЭК" тілшісіне Грузияның Mtavari Arkhi телеарнасындағы әріптестері айтып берді.

Грузин журналистері қайғылы оқиға болған көпқабатты үй тұрғындарымен де сөйлескен. Көршілердің айтуынша, күдікті сол жерде пәтер жалдап тұрған. Қызды да бұрындары ара- кідік көргендерін айтады. Ал, төтенше жағдай сәрсенбі күні таңертең ерте болды,- дейді.

— Мен тек мәйітті көрдім. Қалай болғанын білмеймін. Ешқандай айқай да, шу да болған жоқ.

дейді тұрғындардың бірі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров