«Әселге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды». Грузияда қайтыс болған құрбы жайында

Экспресс К

Әсел Айтпаева / Айтпаевтар отбасынан алынған фото

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаева өмірінің соңғы сағаттарында жақын құрбысы Ольга Жағыпаровамен әңгімелесіпті. «Экспресс К» тілшілері Ольгамен байланысқа шығып, сұхбаттасқан еді.

Құрбысының айтуынша қайғы болатын түні Әселмен бейнебайланыс арқылы әңгімелескен, бірақ күдіктенерлік ешнәрсе байқамаған.

— Әсел сол түні көңілді болды, екеуіміз сөйлесіп отырып біраз көңіл көтердік. Жағдайы жақсы екенін айтқан. Ұйықтамақ болып, төсегінде жатқан. Сол себепті көп сөйлесе қойған жоқпыз.

деді Ольга Жағыпарова "ЭК" басылымына берген сұхбатында.

Ольганың айтуынша Әсел сол түні Бесо есімді грузиннің пәтерінде болған. Ал қазір ол грузин Әселді зорлап, өзіне- өзі қол жұмсауға жеткізді деген күдікпен қамауға алынды. Әсел Бесомен Грузияға барған кезде танысқан.

— Әсел жұмыс берушілердің өзіне пәтер жалдап беретін күнді күтіп жүрді. Оған дейін уақытша Бесоның пәтеріне тұрақтаған. Бесоның жалғыз тұратынын білемін. Соңғы рет сөйлескенімізде Бесо басқа жаққа көшіп, пәтерін қалдырып кететінін болған. Әсел жеке өзі, жалғыз тұратын күнді күтіп жүрді. Пәтер жалдап бермесе Қазақстанға оралмақө ниеті болды. Отбасын, жақындарын сағынып жүргенін байқадым. Қолымнан келгенше жұбатып, бастапқыда қиындықтар болатынын айттым. Бірақ мұндай болар деп кім ойлаған...

— Бесо екеуінің арасында қарым-қатынас қалай өрбіді?

— Олар жұмыс бабымен танысып, дос болып кетті. Әсел оған сенім артып, өзі, отбасы, бұрынғы қарым-қатынастары жайлы бәрін ашық айтатын. Бесо жайлы да жақсы пікірде болды. Тіпті екеуі бірге видео арқылы байланысқа да шыққан. Ол ер кісімен мен де таныстым. Өзін таныстырып, мені Грузияға отбасыммен бірге қонаққа шақырды. Әселге қонаққа баратынымызды айтып, уәде бердім. Бесо Әсел үшін алаңдамауымды, қиындықта жалғыз қалдырмайтынын айтып, сеніміме кіруге тырысты.

Бірден айтайын, екеуінің арасында төсек қатынасы болған жоқ.

Әсел бір сөзінде Бесоның тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс жасағанын, бірақ келісім бермегенін айтқан.

дейді Ольга Жағыпарова.

-Осы себепті арасында реніш болыпты. Алайда оған қол көтеріп, көңіліне тиерлік жағдайға жетпеген. Құрбым бір сөзінде Бесоның "Тұрмысқа шыққысы келмейтін адамды алғаш рет көріп отырмын" деп айтты дегені бар. Менің түсінуімше, грузин жігіт алған бетінен қайтпай, бақытты өмір кешетіндерін айтып қоймаған. Бірақ Әсел бәріне өзі еңбегімен жетуді қалайтын. Құрбым көбірек ақша тауып, көлік сатып алсам дейтін. Ол жас, еркіндікті жақсы көретін қыз еді. Қандай да бір жігітпен көңіл қосу оның ойында әзірге жоқ болатын.

— Әсел өзін жұмысқа шақырған туысы Мұратпен арадағы байланысы жайлы айтып па еді?

— Түсініксіз бір оқиға болды. Менің ойымша, Мұрат пен Әсел екеуінің арасында жағымсыз қарым-қатынас орнады. Сол себепті ол Бесоның үйінде қалатын болып шешті. Мұнда да бір гәп бар...

— Өзіне зорлық көрсеткені жайлы айты ма?

— Жоқ.

— Әсел сенгіш адам ба?

— Ол өзін ашық ұстайтын. Сондай сенгіш, ақ көңіл адам деп айта алмаймын. Бірақ Бесо оның сеніміне кіріп алған секілді. Үйіне кіргізді, көмектесетінін айтты.

— Сіздің ойыңызша, қайғылы оқиға болған түні жағдай қалай өрбуі мүмкін?

— Әсел шарасыз күйге түсті деп ойлаймын.

дейді оның жақын құрбысы.

Ол қатты қорқып, өзіне жасалған қысымға, қоқан-лоққыға шыдай алмады деп ойлаймын. Бөтен ел, түннің бір уағы, көмек сұрайтын, хабарласатын ешкім болған жоқ. Енді тек тоғызыншы қабаттан өзі секіріп кетті ме, жоқ әлде соған итермеледі ме, болжам ғана жасай аламыз. Бір анығы — оны қатты азаптап, қинаған.

— Қайғылы оқиға жайлы қалай білдіңіз?

Әсел мен оның досы Ольга арасындағы хаттың скриншоты
Әсел мен оның досы Ольга арасындағы хаттың скриншоты

— Әсел жіберген аудиохабарламаны тек таңертең, ұйқымнан тұрғанда ғана көрдім. Ең алдымен Telegram арқылы жібергеніне таң қалдым. Себебі бұған дейін бұл мессенджер арқылы хат алыспағанбыз. Ылғи WhatsApp немесе Instagram арқылы байланыста болдық. Аудиожазбаны соңына дейін тыңдап болмай жатып, оған хабарластым, хат жаздым. Тұтқаны ешкім көтерген жоқ, ал жазған хатым барып тұрды.

Айта кетейік, осыған дейін "Экспресс К" басылымына Әсел Айтпаеваның әпкесі де сұхбат беріп, мән-жайды айтып берген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров