Отан қорғаушылар күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді

Express Qazaqstan

pixabay.com

Түркістан облысында Отан қорғаушы күні 182 сәби дүниеге келді. Соның 88-і ұл бала болса, 94-і қыз бала. Қазір нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Бұл туралы «Экспресс К» Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, бұл күні егіз бала дүние есігін ашты.

Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды.

Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұнда 20 мыңнан астам сәби дүниге келді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров