Ардагер Жақан Сейсебаевқа құрмет көрсетілді

Экспресс К

Әкімдіктің баспазөз қызметі

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу құрметіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жақан Сейсебаевты құттықтау шарасы өтті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Жақан Сейсебаев 1925 жылдың 10 наурызында Алматы облысында дүниеге келген. Ол Беларусь елін азат ету үшін болған шайқаста үш рет жарақат алып, жеңісті Кенигсбергте (Шығыс Пруссия) қарсы алған. Мұнан кейін ардагер кеңес-жапон соғысында да ерлік көрсеткен. Тек 1948 жылы Қазақстанға оралған. Кескілескен ұрыста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы орденімен марапатталған, сондай-ақ II дәрежелі "Ерлігі үшін" медалімен, басқа да мерейтойлық төсбелгілермен наградтталған.

Ардагерге ҚР МКҚ бастығының орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-полковник Қ.Н.Қасымовтың арнайы құттықтауын жеткізіп, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстады.

Құттықтау іс-шарасы ардагер тұратын Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 20-үй мекенжайында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері полковник М.Б. Сыздықовтың қолдауымен өтті.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өтіп, ардагерді ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштердің "Айбын" президенттік полкінің құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері салтанатты түрде қарсы алды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров